Алматыда менингитке байланысты лагерьлерге бару кейінге қалдырылды

Алматыда менингитке байланысты лагерьлерге бару кейінге қалдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда менингококк жұқпасының өршуіне байланысты жазғы сауықтыру және мектепішілік лагерьлерге бару кейінге қалдырылды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулықтың сақтау департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент құбылмалы эпидемиологиялық ахуалға байланысты арнайы қаулы шығарды.

2018 жылдың 28 мамырында шыққан №4 қаулыда қаладағы барлық сауықтыру лагерьлерінің директорларына және білім басқармасының басшылығына бірқатар нұқсаулық берілген.

«Мектепішілік және жазғы сауықтыру лагерьлері 18 маусымға дейін шегерілсін. Білім беру мекемелеріне балалар денсаулығы қалыпты екендігін куәландыратын құжатпен ғана қабылдансын. Ал қызметкерлер жұмыс істеуге денсаулығы жарамды екенін дәлелдейтін құжатпен кіргізілсін. Балалардың барлығы таңертең тексерілсін. Күдік туғызған балалар болса, тез арада эпидемиологиялық қызметтерге тапсырылсын», - делінген қаулыда.

 Айта кетер болсақ, Алматыда соңғы 2 аптада дəрігерлерге 57 адам жүгінген. Оның 29-ында диагноз расталды. Менингококк жұқпасынан төрт адам қайтыс болды. Олар: ер адам, әйел адам, бір студент және 5 жасар бала.  

Алматы облысында 2 адам көз жұмған. Олардың біреуі - 3 жастағы бала болса, екіншісі - 22 жастағы ер адам.



Новости партнеров