|
01.06.2018 | 20:33
1615

Алматыда 4-10 маусым аралығында күн ыстық болады

Алматыда 4-10 маусым аралығында күн ыстық болады

Алдағы апта алматылықтар үшін қолайлы болмақ. Себебі, маусым айының 4-10 аралығында жауын жаумайды. Ауа бағамы +30 градусқа дейін көтеріледі. 

Дүйсенбі, 4 маусымда күн жылы болады. Күндіз ауа температурасы +24, түнде +12 градусты көрсетеді. 

Сейсенбі, 5 маусымда күн ыстық болады. Ауа температурасы күндіз +28, түнде +14 градус болады.

Сәрсенбі, 6 маусымда ауа бағамы күндіз  +29, түнде +14 градусты көрсетеді. 

Бейсенбі,  7 маусымда ауа температурасы күндіз +29, түнде +16 градусқа дейін көтеріледі. 

Жұма, 8 маусымда ауа бағамы күндіз +29, түнде +16 градус болады. 

Сенбі, 9 маусым күні ауа температурасы +30 градусқа дейін көтеріледі. Аспанға аздап бұлт шығады. Түнде +16 градусты көрсетеді. 

Жексенбі, 10 маусымда  ауа бағамы күндіз +30, түнде +16 градус ыстық  болады.    

Ауа райы болжамы  intellicast.com сервисінен алынған. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жаз күн
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир