Алматыда метро пойызы теміржолдың тұйығындағы қорғанға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 19 наурыз күні болған. Метроның баспасөз қызметі келеңсіз жағдай туралы толық ақпарат берді.
«Машинист пойызды жудыруға апарған. Оның ішінде жолаушылар болған жоқ. Оқиға депо ішінде тұрақта көлікті бұру кезінде болған. Машинист рельстердің ауысу уақытынан сәл шатасып, темір жолды тұйықтап тұрған қорғанға соғылды Машинист кабинасы мен бампердің төменгі бөлігі зақымданды», - деді Алматы метрополитенінің баспасөз хатшысы Анна Мерзлякова.
Алматы метросы бекітілген кестеге сәйкес штаттық режімдегі жұмысын тоқтатқан жоқ
«Метрополитен» КМК-нің қауіпсіздік қозғалысы пен қолданылу ережесіне сәйкес оқиға жол апаты болып есептелмейді. Пойыз жөндеуге жөнелтілді, бір апта ішінде оңдалып жолға шығады», - деді ол.