Алматыда мыңға жуық үй сүрілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Қазақ ұлттық зерттеу жобалау институтының мамандары қала билігіне мыңдаған үй сүруді талап ететінін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі таңда сүруді талап ететін үйлердің саны 1000-ға жуық. Оларды бұзу бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Мәселен, Жандосов көшесінің Алтынсарин мен Береговой көшелерінің арасындағы қосқабатты каркас пен қамыстан жасалған үйлер мен кірпіштен тұрғызылған бәкене үйлер сүріліп, олардың орнына 9-12 қабатты үйлер тұрғызылды», - деді ҚҰЗЖИ басқарушы директоры Ералы Шоқбаров.
Оның айтуынша, мұндай нұсқаулықтар Алматының барлық аудан бойынша берілген.
«Өткен ғасырдың 30-40 жылдары аралығында салынған үйлер каркас пен қамыстан, ағаштан тұрғызылған. Олардың көпшілігі эксплуатациялық мерзімінен өтіп кеткен. Бұл үйлер қазіргі сейсмотұрақты құрылыс талаптарына сай келмейді», - деді ол.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
29.10.2026 08:10
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47
Қазақстанда «Республика үшін 1000 берік отбасы» акциясы басталды
28.10.2026 08:29