«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында мемлекет басшысының халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі талқыланды. Басқосуға «Нұр Отан» партияcының қалалық филиалының төрағасының орынбасары Станислав Канкуров, жергілікті атқарушы органдары және ұйым басшылары, партиялық бақылау Комиссиясының мүшелері қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Кеңес барысында қатысушылар үндеудегі жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бойынша өздерінің пікірлерімен алмасты. сондай-ақ түрлі басқарма өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
«Отырысымызда қалалық әкімшіліктің әр басқармасының басшылары есеп берді. Өздерінің келешекте атқаратын жұмыстары жөнінде айтты. Кәдімгідей үлкен-үлкен мәселелер қаралды біздің отырысымызда. Отырыста тек қана мәселе талқыланған жоқ. Әр бағыттың орындалуын бақылау комиссиясының мүшелеріне арттырылды. Онан кейін тек қана бақылау комиссиясы емес, бақылау комиссиясының тапсырмасы бойынша қалалық мәслихат депутаттарына бекітілді», - деді «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Төлеуғали ТАЙТУЛЕЕВ.