Алматыда обыр дертіне шалыдыққан науқастар тегін дәрі-дәрмекке жарымауда

13.09.2017 в 23:20

Алматыда обыр дертіне шалыдыққан науқастар тегін дәрі-дәрмекке жарымай жатыр. Олар онкологиялық орталықтағы дәріханаларда сағаттап тұрады. Бірақ мемлекеттен тегін берілуі тиіс дәріге қол жетікізе алмайды. Осылай мұңын шаққан науқастың бірі біздің арнаға хабарласқан еді. 


Тегін дәріге мұқтаж жандар дәріханаларда тап осылай сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Адам қарасы көп орында көбіне егде жастағыларды байқайсың. Тағаттары таусылған, сүлдерін сүйреп әрең келеді. Енді бірі - балаларын жіберіп, дәрі алғызады. Виктория Локтионованың әкесі осы күні жүруден қалған. Сондықтан науқас қартқа дәріні осыған дейін өзі тасып келген. Бірақ соңғы кезде медициналық препарттар түгесілген көрінеді.                           


 «Біз келгенде дәріхана жабық тұрды. Есігінде ешқандай ескерту ілінбеген, бірде- бір телефон нөмірі көрсетілмеген. Не үшін істемей тұрғаны туралы алдын ала ақпарат жазылмаған. Тіркеу орнына да барып сұрадық, ешкім ештеңе білмейді. Сұрағымызға мардымды жауап жоқ. Онсыз да ауыр сырқатқа тап болған адамдарды неге бұлай қинайды?», - деді қала тұрғыны Виктория ЛОКТИОНОВА.

 

Обыр дертіне шалдыққандарға берілетін тегін дәрігелер өзге елдерден жеткізіледі екен. Ал дәріхананың жөнді жұмыс істемеуін жауаптылар мамандардың ауысқанымен түсіндіріп отыр. Фармацевтер арасындағы ауыс-түйістен қоймадағы тәртіп бұзылған.          


Кезек күткендердің арасынан фармацевтердің жұмысына көңілі толатындары да табылды. Олар тегін дәрі-дәрмекті алу үшін табан тоздыратындарын жасырмайды. Бірақ медициналық препараттар уақытылы беріледі, дейді.                   


Осы тұста, онкологиялық орталық басышлары дәріхана жұмысына араласпайтындарын айтты. Өйткені, қойма жекенің қолында екен.


«Ақниеттің» ЖШС басқаратын осы дәріхананы біздің онкоорталықтың ғимаратында орналасқан. Сол себептен келісімшарт бойынша тегін дәрілер беріліп тұрады. Қазіргі таңда бұл сұрақ бақылауда. Ескертілу қағаздары алдын ала жағдайлар болған кезде ілінеді. Қазіргі таңда барлық мониторинг жасалып жатыр», - деді онкология орталығы бас дәрігерінің орынбасары Ринат БАЙТУҒАНОВ.

 

¤Жуырда еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдан бастап тегін берілетін дәрілік препараттардың артатынын мәлімдеген еді. Бұл үшін тізбеге қосымша 60-қа жуық дәрі-дәрмек енеді деп жоспарланған. Препараттардың басым бөлігі асқазан жарасы, түбіркүлез, бронхиалды астма, ВИЧ-инфекция, психикалық ауру сияқты сырқаттарға арналған.


«Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектерлі өз бетінше үлестіре алмайды. Біз медициналық мекемелерден тапсырыс алып, тек соған сәйкес жібереміз. Оларға қажетті препараттар негізінде ғана жеткізуші компаниялармен келісімшарт жасаймыз», - деді «СК-фармация» ЖШС басқарма директоры Әсемгүл ЕРЖАНОВА.

 

¤Биыл елімізде онкологиялық ауруларды емдеу үшін 24,7 млрд теңгеге 108 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынған. Ал тізімге жаңадан енетін дәрілер 2 миллионнан астам науқасқа қолжетімді болады деп күтілуде. Бұл елдегі мүгедектік пен адам өлімінің санын азайтуға жасалған тиімді қадам болмақ.

 

Назкен Байтілес, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы