Алматыда өзге тілдерді еркін меңгергендерге сертификаттар табысталды

02.08.2017 16:29


Алматыда өзге тілдерді еркін меңгерген мың адамға тиісті сертификаттар табысталды. Оқыту курстары тегін жүргізілген. Мамандар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ беріпті. Оған 60 жасқа дейінгі кез келген қала тұрғыны қатысып, небәрі 2 айда қалаған тілінде еркін сөйлейтін дәрежеге жеткен.

"Бұл шараның маған ұнағанаы балаларға мотивация. 18 сағат деген өте көп сағат емес. Аз сағат қой. Дегенмен, 18 сағаттың ішінде өте үлкен мотивация болды. Содан кейін менің өте қуанарлық жағдайым. Сабақ өткізген жас балалар, ұстаздардың методикасы өте қатты ұнады",- деді Қала тұрғыны, Бибіғайша МҰҚАНОВА. 

«Өзіміздің білімімізді ары қарай жетілдірдік. Көптеген жаңа тақырыптарды түсіндік. Мен өзім болашақта дәрігер мамандығын таңдадым. Қазіргі кезде болашақ дәрігерлер міндетті түрде ағылшын тілін білуі керек. Бұл міндетті нәрсе. Сондықтан да рахмет айтамын»,- деді Қала тұрғыны, Салтанат МАҚҰЛБЕКОВА.

Жоба тамыз айының аяғына дейін жалғасады. Алдағы уақытта тіл үйрететін мамандар саны ұлғайтылмақ. Оған қоса, 3 тілден бөлек, басқа да тілдер тегін үйретілмек.

«Қазір бізде Барселониядан келген қыз бар. Сол испан тілін оқытамын дейді. Бізде бірінші ауысымда Қытайдан келген бір жігіт бар орыс тілін оқыған. Сол қытай тілін тегін оқытамын дейді. Сондықтан, біз ары қарай мұны жалғастырамыз деп ойлаймын»,- деді Жоба жетекшісі, Бақнұр ЗИЯБЕКОВ.