Алматыда пәтерін заңсыз жалға бергендер жаппай жазаланбақ

25.09.2017 20:40

Келесі дүйсенбіден бастап Алматыда пәтерін заңсыз жалға бергендер жаппай жазаланады. Оларды салықшылар мен тәртіп сақшылары тексеріп, айыппұл арқалатпақ. Ал, заңға бағынбағандарының тіпті үйлері тәркіленуі мүмкін. Арнайы топ пәтерді жалға алушыларды да тексеріп, үй иесімен туыстық қатынасын анықтайды. Мұндай ескертуді естіген кәсіпкерлер жаппай салық органдарына тіркеліп жатыр екен. Соңғы екі күнде Медеу ауданы бойынша 40 адам кәсібін жариялапты. 

«Салық төлеуші салық органында тіркеуде болмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттамалар толтырылып, бұл материалдар сот органдарына жолданады. Айыппұл сомасы 15 АЕК құрайды немесе 34 мың теңгені. Сонымен қатар, заңсыз кәсіпкерлікке қолданылып отырған мүлік бойынша тәркілену сұрағы қарастырылуы мүмкін», - деді¤ Медеу ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары Қуаныш ТҮМЕНБАЕВ.