Алматыда полиция күніне орай бірнеше көшеде қозғалыс тоқтатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Қазақстан полициясы күнін тойлауға байланысты бірнеше көшеде қозғалыс тоқтатылады. Аталмыш шара Астана алаңында аталып өтетіндіктен, Төле би көшесінің бойымен Абылайхан көшесінен бастап, Назарбаев даңғылына дейін уақытша жабылады. Көлік қозғалысын шектеу ертең кешкі жетіге дейін жалғасады. Айта кетейік, мерекелік бағдарламада тәртіп сақшылары өз дайындықтарын, эстрада әншілері өз өнерлерін көрсетеді. Сонымен қатар, көрермендер назарына қазіргі полицияның материалды-техникалық базасы таныстырылады.
Фото:7kun.kz
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10