Байқау: Астанада «Ең үздік мемлекеттік қызметкер» жеңімпаздары марапатталды

Байқау: Астанада «Ең үздік мемлекеттік қызметкер» жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні. Атаулы күнге сала мамандары ерекше ықыласпен дайындалып жатыр. Астанада «Ең үздік мемлекеттік қызметші» байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Алматыдағы Мемлекеттік кіріс департаментінің бұл бөліміндегі әр күн «жоспарлаудан» басталады. Шешімін күткен мәселелер күнде талқыланады. Осы бөлімдегі жұмыстың нәтижесі барлығына әсер етеді. Тәуекелдер және талдау басқармасының басшысы Бахытгүл Қазақпаева қызметкерлермен тығыз қарым-қатынаста болу жұмысымның ең маңызды тұсы,-дейді. Айтпақшы, оны «Үздік мемлекеттік қызметкер» конкурсына ұсынған өз әріптестері болатын.

«Мен университет тәмамдай сала жұмыс істеп кеттім. Бір қызығы, еңбек жолымды дәл мемлекеттік қызметшілер күні - 23 маусымда бастағам. Бұл 20 жыл бұрын еді. Жеке өмірімде де бәрі жақсы. Мені түсінетін жолдасым, 5 балам бар. Шынын айтсам, бәріне де үлгеруге болады, ешқашан бала күтуші де жалдаған емеспін. Бастысы, жұмысыңда бірлік, ал, үйдегі жақындарың қолдаса болғаны»,-деді Алматы қаласы МКД тәуекелдер және талдау басқармасының басшысы  Бахытгүл ҚАЗАҚПАЕВА.

Бахытгүл Жұмабайқызының үлкен отбасы - оның байқау үшін ауқымды ғылыми жоба әзірлеуіне кедергі болмады. Өз жұмысында ол әрдайым жаңа стандарттар бойынша салықтық жоспарлау және жаңа технологияларды қолдану бойынша тың шешімдер ұсынады. Айтпақшы, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын Білім беру басқармасы бастығының басшысы Ләззат Жылқыбаева да әзірлеп шықты. Ол да аталмыш байқау үшін. Ләззат Әуесханқызы мемлекеттік қызметке келгенге дейін 10 жыл мұғалім болып жұмыс істеген. Сол себепті оның жобасының басты міндеті- қарапайым мұғалімнің тәжірибесімен бөлісу.

«Әрине жұмыс қиын, тапсырма көп. Оның үстіне білім саласы ең жауапкершілігі мол сала. 300 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр білім мекемелерінде. Күнделікті осы балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, дұрыс білім алуы, дұрыс азамат боп қалыптасуы ең алдымен білім басқармасының жауапкершілігінде. Осының бәрін орындауға, жауапкершілікпен қарауға тырысамыз»,-деді Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат ЖЫЛҚЫБАЕВА. 

"Үздік мемлекеттік қызметші" байқауы аймақтық және республикалық болып екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде әр кандидат тест тапсырып, эссе жазуы тиіс болды. Ал екінші кезеңде - өздерінің авторлық жобасын ұсынды. Айта кетейін, биыл Ең үздік қызметкер атағына әртүрлі қызметтер мен құқық қорғау органдарынан 400-ге жуық  қызметкер таласты. Қазақстан бойынша топ жарық шыққан 20 адам жеңімпаз атанды.

Тоғжан Аман, Амина Абдрахманова, Валерий Таубалдиев,  Алматы телеарнасы .


Новости партнеров