Алматыда Сәкен Жүнісовтің құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Алматыда Сәкен Жүнісовтің құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда халық жазушысы Сәкен Жүнісовқа ескерткіш тақта ашылды. Мемлекеттік сыйлық иегерінің аты-жөні мен суреті бейнеленген естелік белгі Зенков және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында өзі тұрған көпқабатты үйдің қабырғасына ілінді. Інісінің айтуынша, қаламгердің шығармашылық шарықтауы, отбасының бақытты шақтары осы үйде өткен.

«Осы үйде кішкентай қызы дүниеге келді. Осында 3 баласымен бірге тұрды. Осы жерде талай дүние өмірге әкелді. Аманай-Заманай осы үйде тұрғанда туды. Сол сияқты бірнеше пьесалары осында шығарылды. Бұл үй жаман болған жоқ. Кейін өзіне үй бергеннен кейін бұл үйді балаларына тастап, өзі кетіп қалды», - деді ¤Сәкен Жүнісовтің інісі Орал ЖҮНІСОВ.¤

Өмірін шығармашылыққа арнаған тұлға жан-жақты, парасатты, өнердің әрбір саласынан өзін танытқан. Ол карикатуралар салған, домбыра, пианино аспаптарында ойнап, ән айтқан. Шығармашылығын өлең жазудан бастап, прозамен жалғастырып, 117 пьеса жазған. Кейін романдар да шықты.

¤«Ол кісінің бір ерекшелігі оқырмандар тарапынан да, жалпы сын жазушылардың тарапынан да үлкен жоғары бағаға ие болған адам ғой. Сонысымен де Сәкен Жүнісов ұлы. «Енді жақсының ат өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», - дейді ғой. Өткенде ғана ағамыздың отбасының, әулетінен қаланың әкімі Бауыржан Байбек те қатысты сол кісілердің атынан Ақан серінің үлкен домбырасы үлкен жәдігер мына біздің Ықылас атындағы музейге табысталды», - деді ¤ қала әкімінің орынбасары Арман ҚЫРЫҚБАЕВ.


Новости партнеров