Алматыда тау бөктерінде орналасқан тағы бір мейрамхана ашылды

09.03.2017 16:27

Алматыда тау бөктерінде орналасқан тағы бір мейрамхана ашылды. Ерекшелігі - іші толықтай ұлттық нақышпен көмкерілген.  200 адамға арналған тамақтану орны - Медеу шатқалында. Мейрамхананың ашылуына Алматы қаласының әкімдігі қолдау білдірген. Қожайынының айтуынша бүгінде туристердің көпшілігі ұлттық нақыштағы тамақтану орнына келуге көбірек құмартады.

«Бұл жобаның инвестициясы 300 мың доллордай болды, әкімшіліктен ақпараттық қолдау көрсетілді. Алдағы уақытта келетін қонақтарымыз көп болады деп сенеміз»,- деді Мейрамхана иесі, Әсет ТӨЛЕМІСОВ.