Алматыда «ТМД - біздің үлкен отбасымыз» атты форум басталды

30.03.2018 13:48

Алматыда «ТМД - біздің үлкен отбасымыз» атты арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған II Халықаралық мәдени-білім беру форумы басталды. Шараға Ресей, Армения, Беларусь және Тәжікстан Республикасынан арнайы делегация келген. Біздің елден аяқ-қолы кемтар балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернатының оқушылары қатысуда. Айта кетейік, былтыр өткен алғашқы халықаралық форумда қазақстандық балалар өнерімен ерекшеленіп, еліміз 1-орын иеленген еді. Сондықтан да биылғы шара  қазақ елінде өткізілуде, дейді ұйымдастырушылар.

«ТМД елінен 7 мемлекет келіп отыр. Мына қабырғадағы біздің балалардың еңбектері. Қалыпты балалардан айырмашылығын ешкім байқай қойған жоқ деп ойлаймын. Өйткені, өнерімен де, білімімен де біздің балалар ерекше орын алып жатыр», - деді Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бейімдеу орталығының директоры Құралай САРЫМБАЕВА.


Теги: ТМД Форум