Алматыда тұрғын үйлердің бірі отқа оранды

20.07.2017 16:56

Алматыда тұрғын үйлердің бірі отқа оранды. Тілсіз жау түскі бірлер шамасында Қабанбай батыр көшесі бойындағы үйде тұтанған. Қызыл жалын әп сәтте 50 шаршы метр аумақты күлге айналдырыпты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз.

Оқиға орнына жедел жеткен төтеншеліктер тілсіз жауды 1 сағатта ауыздықтаған. 50-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылған. Қазір арнайы топ өрттің болу себебін анықтап жатыр.