Алматыда үш тілді жетік меңгерген гидтер жетіспейді

Алматыда үш тілді жетік меңгерген гидтер жетіспейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда кәсіби білікті, үш тілді жетік меңгерген гидтер жетіспейді. Қазір қалада ресми түрде туристерге қызмет ететін 50-ден аса жол көрсетуші маман ғана бар екен. Туризм саласының сарапшылары «мұндай үлкен мегаполиске бұл аздық етеді», - дейді. Онымен бірге, музейлерде аудио гид пен шетелдік қонақтарға  арналған автобуста да жоқ. Ал, қалада жұмыс істейтін 1700-ден аса тур агенттік пен 750-ге жуық оператордың қызметі ортақ жүйеге негізделмеген болып шықты. Бүгін қалалық қоғамдық кеңесте Алматының туризм әлеуетін арттыру мәселесі кеңінен талқыланды.

«Алматы шаралық туризмді дамытып жатыр. Әсіресе, қала күніне арналған 50-ден аса шараға қызығушы шетелдіктер көбейіп келеді. Бірақ алда тау-шаңғы, медицина туризмін дамыту жоспарда тұр. Біз енді Ресей, Қытай мен Үндістан, Ираннан туристтерді тартуды көздеп отырмыз. Мәселен, тек Ираннан келген қонақтар былтыр Алматыда 130 млн теңгенің қызметін қолданған», - деді Алматы қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы

Ерлан ЖАЙЛАУБАЙ. 

Новости партнеров