Алматыда үшінші қабаттан бала құлап кетті

12.10.2017 20:42

3 қабаттан бүлдіршін құлап кетті. Оқыс жағдай Алматыдағы сауда үйінің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, сәби 2-3 жаста болуы мүмкін. Биіктен құлаған жеткіншек, біраз уақытқа дейін есін жимай жатқан көрінеді. Тек, сәл уақыттан кейін ғана бала оянып жылай бастаған.  Бүлдіршінді, жедел-жәрдем қызметкерлері бірінші балалар ауруханасына алып кеткен.