Алматыда вандалар ақиық ақын Мақатаевтың ескерткішін қорлады

Алматыда вандалар ақиық ақын Мақатаевтың ескерткішін қорлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мақатаевты мазақ қылды. Алматыда вандалдар мұзбалақ ақынның ескерткішін келемеждеп, балағат сөздерді жазып кеткен. Арнамыздың "уатсап" нөміріне хабарласқан тұрғындар ол жазуларды бір аптадан бері өшіретін адам табылмай отыр дейді. Ал, ауданды көріктендіруге жауапты мамандар мұндай олқылықты тек байқадық деп ақталды.

Алматылық Асылхан Мәлімбаева Мұқағали Мақатаевтың ескерткіші қойылған шағын саябақта күн сайын немерелерін ойнатып, тынығады. Кейуана соңғы кездері жасөспірім балалардың ақиық ақынның ескерткішінің үстіне шығып, асыр салып ойнағанын жиі байқайды екен. Бұған қынжылып, өзі де біраз ескерту жасапты. Ал осыдан бір апта бұрын ақынның ескерткішінің астында балағат сөздер жазылғанын байқапты.

«Әкімшілікке шағымданамыз деп жүргенбіз. Үйге барғанда ұмытып кетеміз, көрген сайын ұят болды, мынаны өшіру керек қой дейміз де қоямыз. Шара қолданады деп ойлаймын мен енді ұят совсем»,- деді Қала тұрғыны, Асылхан МӘЛІМБАЕВА.

Ақынды қорлаған екі ауыз сөз саябақта жүрген өзге де тұрғындардың шамына тиді. Олар мұзбалақ ақынды бұлайша қорлағандарды - дереу түрде жауапқа тарту керек дейді.  

Саябақ аумағында түнде жарық шамдарының барлығы жанатын көрінеді. Алайда, маңайға бірде-бір бақылау камерасы орнатылмаған екен. Ал, аудандағы көріктендіруге жауапты мамандар балағат жазуды тек бүгін байқадық деп аң-таң болды.

«Бұл 1 апта бойына емес, естігеніміз болып тұр біздің. Бұл жазуларды вандалдар жазып кетеді көбінесе түнде. Күніге бұл паркте өзінің закрепленный адамы бар. По графику азанда 9-да келеді, кешкі 6-ға дейін тазалайды, сыпырады. Енді қандай шара қолданасыздар? Қазір өшіріп тастайды»,- деді Алмалы ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы, Әкімхан ТӨЛЕГЕН.

Жауаптылар сөз бергендей, маңайға дереу арнайы құралдарын құшақтаған тазалықшылар келді. Бұзақылардың шатпағын жастары алпысқа таяған мына жұмысшылар жуып-шайды. Олар мұндай тірлікке кімнің барғанын білмесе де, өздерін әуреге салғандарды қарғап-сіледі. Ал, жергілікті билік өкілдері ақиық ақынды қорлаған вандалдарды табу қиынға соғатынын, десе де маңайға тәртіп сақшыларын қойып қорғайтынын жеткізді.

Айдана Мейрамбайқызы, Рашит Шүкіралиев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров