Алматыда Вознесенск шіркеуі жөнделіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Вознесенск шіркеуі жөнделіп жатыр. Шоқыну орны соңғы 40 жылда мүлде жаңармаған екен. Мамандар алдағы 2 жылда православтардың қасиетті орны толықтай түрленеді деп отыр. Әзірге жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі жүруде. Құрылысшылар ескірген электр сымдарын ауыстырып, ғимараттың ішін әрлемек. Кейін, сыртқы кейпін өзгертуге кіріседі. Есте болса, Вознесенск шіркеуін саларда мамандар ешбір шегенің көмегіне жүгінбеген. Ол сонысымен де ерекше саналады. 

«Шіркеудің шатыры толығымен ауыстырылады. Ескірген ағаштар жаңартылады. Ал, қабырғалары әлі күнге мығым. Сондықтан олар бұзылмайды, осы жұмыстар аяқталған соң, шіркеудің маңайы толығымен абаттандырылады. Кейін, интерьерін жақсартамыз»,- деді Пірәдар, Александр СУВОРОВ.    


Көне шіркеудің іргетасы осыдан 110 жыл бұрын қаланған екен. Құрылыс жұмыстары кезінде шоқыну орнына келуге тыйым салынбайды.

Новости партнеров