Алматыда заңсыз бизнес жасайтын жасырын орындар азаймауда

30.09.2017 01:27

Ойын автоматтары арқылы заңсыз бизнес жасайтын жасырын орындар Алматыда азаймай тұр. Мемлекеттік кірістер депаратментінің араласуымен 35 ойын орталығы жабылған. Алмалы аудандық соты заңсыз ойынхана ұйымдастырған азаматтарды 6-дан 8 жыл аралығында бас бостандықтарынан да айырған. Бірақ тексеріс кезінде заңсыз ойын автоматтары үнемі табылып тұрады екен. Қыркүйек айында  басталған көлеңкелі бизнеске қарсы іс-шара әлі жалғасып жатыр. Бизнес өкілдері жасырын казинолармен күресудің жолдарын талқылады. Үстіміздегі жылы жасырын, заңсыз жұмыс істеген 78 іс өндіріске келіп түскен.


«Ағымдағы жылы экономикалық тергеу қызметі 50-ден астам ойын қызметін анықтаған болатын. Олардың 43 электронды казино болса, 7 ойын аппараттары болатын.  617 астам компьютерлік техника  алынған. 46 телевизор болса, жасыл сары автоматтар бар. Олардың саны 117 дана. 21 ойын автоматтары бар. Сонымен қатар, 5 миллионнан астам теңге алынған. 10 миллион доллардан астам ақша анықталды», - деді мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Заңғар ШЫНДАЛИ.