Алматыдағы Қарғалы өзенінің маңы абаттандырылуда

Алматыдағы Қарғалы өзенінің маңы абаттандырылуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Қарғалы өзенінің маңы дүйім жұрттың демалуы үшін түгелдей абаттандырылып жатыр. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге аспақ. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 8 шақырымға жуықтайтын өзен арнасына бетон құрылымдарды орнату аяқталды.

Бұл туралы қала басшысы Бауыржан Байбектің Наурызбай ауданына жасаған кезекті сапарында белгілі болды. Қазіргі таңда өзен жағалауына қайтадан топырақ төселіп, үш өтпелі көпір салынды. Сондай-ақ, жалпы көлемі 1 гектар аумаққа жасыл-желектер мен гүл отырғызылды. Ұзындығы 4 шақырым жүргінші жолы мен 2 шақырым болатын веложол салынуда.

«Қарғалы өзені деген маусым айының аяғына дейін тапсырылады. Және көріктендіру жұмыстары осы 2 айда бітіп қалады. Қарғалы өзені бойынша 100 пайызда бұл мәселе азаяды. Бұл Қарғалы өзенінің жанында тұрып жатқан елді-мекендерге қатысты»,- деді Наурызбай ауданының әкімі, Сайран САЙФЕДЕНОВ.

Наурызбай ауданы әкімдігінің жаңа ғимараты шілде айының басында ашылады. Қазір тек ішкі әрлеу, технологиялық қондырғыларды орнату мен айналаны көгалдандыру жұмыстары қалған. Ал бес қабатты нысанның алды шағын баққа айналмақ. Сонымен қатар, 1200 орындық мектеп пен бір мезетте 500 науқасты қабылдайтын емхана келесі айдың басында қолданысқа беріледі.Халыққа қызмет көрсету орталығы, пошта, сот, әділет басқармасы орналасатын әкімшілік кешені тамыз айында іске қосылады. Жалпы, ауданда Қалқаман мен Алты Алаш елді-мекендерінде ұзындығы 17 шақырым жол салынады. Оған қосымша, Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы шағын ауданына дейін 2 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуде. Жол 4 жолақты болып кеңейтіледі.


Новости партнеров