Алматыдағы Абай ескерткіші жарықтандырылды

Алматыдағы Абай ескерткіші жарықтандырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіш маңында енді түнгі кезде серуендейтіндертің саны көбеймек. Ұлы ақынға арналған ескерткішке кеш батқанда төрт энерго-үнемдеуіш лед прожекторлар жарық түсіріп тұрады. Тұңғыш президент күніне тарту болған өзгеріс қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығады деп үміттенеді жергілікті билік. Салтанатты шараға қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Айта кететін жайт, қаладағы жарық шамдармен безендірілген ғимараттар біркелкі архитектуралық стильде өзгерді. Көбіне ақ және сары түсті шамдармен жарықтандырылған. Жоба жеке қаражатқа жүзеге асып, алдағы уақытта да демеушілердің қолдауын таппақ.


«Бұл қалаға сыйлаған біздің сегізінші жобамыз. Бұған дейінгі безендірілген 7 ғимарат қаланың мыңжылдығына орайластырылса, бұл жолғы шара Тұңғыш президент күніне тарту. Заманауи технологиялар қолданылған десем де болады. Жарық шамдары энерго үнемдеуіш болып келеді және бұл өзгеріс қаламызды бұрынғыдан да көрікті етеді деп ойлаймын»,- деді ҚР президентінің "қазақстан - 2050" бағдарламасын қолдау қорының төрағасы, Ерболат ҚАСЫМОВ.

  

 

 

 


Новости партнеров