Алматыдағы «Атакент» саябағында жөндеу жұмыстары басталды

18.04.2018 в 00:45

Алматыдағы «Атакент» саябағында жөндеу жұмыстары басталды.  Өткен аптада демалыс орнын аралаған қала әкімі Бауыржан Байбек ондағы асфальт жолдарды азайтып, көк шөпті көбейтуді тапсырған еді. Сонымен қатар, сынған орындықтарды жаңасына ауыстыруда қадап айтқан болатын. Одан бөлек, «Атакент» аумағына кіретін арканы жауып, көрме алдындағы көліктұрағын жоюды тапсырған еді. Қала басшысының қатаң сынынан кейін құрылыс жұмыстары басталып кетті.