Банк тонап, 65 миллион теңгені қолды қылған екі бірдей күдікті қолға түсті. Алдын ала ақпарат бойынша банк қызметкері мен оның сыбайласы қыруар қаржыны банк орналасқан ғимараттың жертөлесі арқылы алып шыққан көрінеді. Естеріңізге сала кетейін, 27-ші маусым күні Алматы қаласындағы «Альфа-банк» қаржы мекемесінің бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қос күдікті сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.
«Кешенді жедел іздестіру барысында 2 күдікті ұсталды. Олар осы қаржы мекемесінің бұрынғы және қазіргі қызметкері. Соңғысы насанашының рөлін атқарған болатын. Ұсталғандардан, пневматикалық тапанша, электронды рұқсатнама, ұрланған қаражат толық алынды»,- деді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы, Алмас САДУБАЕВ.