Алматыдағы ең үлкен субұрқаққа 3 тонна су қажет

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үш тонна таза су. Алматыдағы Тұңғыш президент саябағында орналасқан ең үлкен субұрқаққа осынша су қажет. 1 мамырдан бастап шаһардағы субұрқақтар іске қосыла бастайды. Қазір дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ал фонтан күніне орай 25 мамырда барлығы демалушыларға қызмет етеді.

Бұл қаладағы ең үлкен фонтандардың бірі. 8 мың шаршы метр аумақты алып жатқан су құрылымы іске қосылу үшін үш тонна су қажет. Таза ауыз су. Қазіргі жаңбыр суына байланысты ол түсін өзгертуі мүмкін. Сондықтан оған жол берілмейді. Су жағдайымен «АлматыЭкологоСтрой» мекемесінің қызметкерлері тыңғылықты айналысады.

Бас субұрқақты түрлі түсті шамдармен әрлеу арнайы бағдарламаның мойнында. Фонтанның ең ұзын бөлігінен шығатын су 32 метр биіктікке дейін жетеді. Ол саябақ аркасында орналасқан тудың деңгейімен теңеседі. Субұрқақтардың саны Алматыда жыл санап артып келеді. Енді Астана алаңын, Панфилов көшесін құрғақ фонтандар ерекше кейіпке келтірмек. 

«46 субұрқағы бар. Оның ішінде былтыр өзіңіз білесіздер, жаңадан салынған Панфилов көшесінде 2 субұрқақ, одан кейін Астана алаңында тағы бір үлкен фонтан салынды. Оларды қазір коммуналдық шаруашылыққа беріліп жатыр. Қазір құжаттарын дайындап жатыр. Олар да жақын арады бізге беріледі. Сонымен қосқанда 49 коммуналдық шаруашылықтағы субұрқағымыз болады», - деді «АлматыЭкологоСтрой» МКМ директорының орынбасары Шыңғыс РЫСҚҰЛБЕКОВ.

Өткен жылы Алматыдағы бірнеше фонтанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ескі «Жетісу» су құрылымының мәрмар тақтайшалары ауыстырылып, жарық шамдар орнатылды. Сонымен қатар, «Қазақстан» қонақ үйі мен арбаттағы фонтандар да жаңартылды. Бұл мақсатта жергілікті қазынадан 500 миллион теңге қарастырылыпты. Айта кетейік, қазір Алматыда 120-дан астам субұрқақ болса, оның көбі жекеменшікте. Демалушыларға керемет көңіл күй сыйлайтын су құрылымдары мамыр айынан қазан айына дейін қосылып тұрады.


Азамат Әуезхан, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров