|
30.07.2018 | 13:15
1599

Алматыдағы Мақатаев көшесіне біржақты жол қозғалысы енгізілді

Алматыдағы Мақатаев көшесіне біржақты жол қозғалысы енгізілді

Алматыдағы Мақатаев көшесіне біржақты жол қозғалысы енгізілді. Қозғалыс тек батыс бағытқа қарай өзгертілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Алматыда біржақты жол қозғалысы енгізілген тағы бір көше пайда болды. Бұл Мақатаев көшесінің Қалдаяқовтан Мұқановқа дейінгі аралығы. Қозғалыс тек батыс бағытқа қарай өзгертілді. Жол жөндеушілер сондай-ақ, Гоголь көшесін де бір жақты етіп дайындауға кірісіп кетті. Бұл көшенің өзге көшелермен қиылысына жаңа жол белгілері қойылды.

Бұған дейін Жамбыл және Бөгенбай батыр көшелерінің бір жақты жол қозғалысына өзгертілгендігі және 5 тамызға дейін бұлардың қатарын Гоголь, Шәріпов, Мұратбаев, Қабанбай және Қарасай батыр көшелері де толықтыратыны хабарланған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир