Алматыдағы сауда орталықтарының бірінен зақымдалған 77 келі қызыл үрмебұршақ тәркіленді

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінен зақымдалған 77 келі қызыл үрмебұршақ тәркіленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінен елімізде мүлде мекен етпейтін зиянкес жәндікпен зақымдалған 77 келіге жуық қызыл үрмебұршақ тәркіленді. Карантинді өнім саналатын мұндай дақылды Ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі қалалық инспекциясының мамандары жүргізген тексеріс барысында анықтаған. Қалаға Алматы облысынан тасымалданған өнім қырғыздан жеткізілген көрінеді.  Қазір зақымдалған үрмебұршақ қайта өңдеуден өткізіліп, оның жарамдылығы тексеріліп жатыр. Егер тұтынуға келмесе, дәнді-дақылдар толығымен жойылады. Бұл фактіге қатысты материалдар ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілген. Мамандардың сөзінше, Алматы облысында әлі жеткізілмеген тағы 16 тоннадай үрмебұршақ бар. Қазір олардың құрамы да бақылауға алынған.

«Астана қаласына апарылатын 76 кг 800 грамм карантинге жатқызылған өнім қылы үрмебұршағында карантиндік объект төрт нүктелі дәнқоңызы анықталды. Карантинге жатқылыған өнім Алматы облысынан Алматы қаласына сертификатсыз алып келінген. Бұл өнім Қырғызстан Республикасынан алып келінгені анықталды», - деді ҚР АШМ «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» ММ басшысының орынбасары Венера СЕЙФОЛДАНОВА.

Алматы аумағында алғаш рет табылып отырған карантинді нысан  «төртнүктелі дәнқоңыздар» деп аталады. Мұндай жәндіктер жылына 9 рет ұрпақ әкеледі. 1 рет балалағанда 100 жұмыртқаға дейін тұқым тарата алады. Зиянкес көбіне бұршақ тұқымдас өсімдіктерді зақымдайды. Ол дәнді-дақылды кеміріп, бұршақ құрамын сапалық құндылығынан айырады екен.


Новости партнеров