Алматылық артезиан су Ресей мен Қытайға экспортталмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық артезиан су алдағы уақытта Ресей мен Қытайға экспортталмақ. Ауыз су өндіретін компания өткен жылы Мәскеуде өткен азық-түлік өнімдерінің көрмесінде үздік атанып, отандық мекеменің тауары Швейцария, Франция елдерінде де жоғары бағаланған еді. Бүгінде үш жүзден астам адамды жұмыспен қамтып отырған мекеменің жұмысымен қала әкімі Бауыржан Байбек барып танысты. Алматы нарығында 9 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан компания былтыр 21 миллионнан астам салық төлеген. 300 метр тереңдіктегі ұңғымадан сапалы су шығарып отырған компания нарықтағы тоғыз жылдың ішінде заманауи технологияларды алу үшін 1 миллиард  252 миллион теңгенің қаржысын құйған.

«Тұтынушыларға судың таза, дәмді екенін бөлек жылдам жеткізу, сапалы  қызмет көрсету саясатын ұстанамыз. Шетелдік нарықпен бәсекеге түсу қиын. Бірақ биылғы жылдың басынан бастап біз газдалған және газдалмаған суды шағын ыдыспен нарыққа шығардық. Сұраныс жақсы. Тасымалдау, тауардың көлемі сынды жағдайларды ескере отырып, 19 литрлік шөлмектегі  суды шетелге жібермейміз деп шештік»,-деді компания директоры Евгений КРЕТОВ.  

Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жолын әкімге түсіндірген мамандардың айтуынша, 19 литрлік ыдысқа құйылғанға дейін су механикалық тазалау,  жұмсарту, хлор, күкірт қосындыларынан  тазартудан бөлек  молекулярлы, ультрафиолетті өңдеуден де өтеді.

Көрші елдің нарығына кірудің қиындығына қармастан тәуекелге барып отырған мекеменің өкілдері тасымалдаудың ыңғайлылығына байланысты 0,5 және 6 литрлік бутылкадағы суды шекара асырмақ.


Новости партнеров