Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Вячеслав Банщиков жетімдерді жебеді. Ол бүгін №1 балалар үйіне арнайы барып, көптен бері керек болып жүрген плазмалы теледидар тарту етті. Айтуынша, тәрбиеленушілер сыйлықты кәсіпкермен келісіп, ақылдасып таңдапты. Ал келген қонақтарды құшақ жая қарсы алған бүлдіршіндер құтты қонақтарға өнерлерін көрсетті. Жалпы бұл меценат Вячеслав Банщиковтың алғашқы қайырымдылық жобасы емес.
«Наурыз мерекесінде балалар үйіне келіп, ондағы тәрбиеленушілерді құттықтағым келді. Келместен бұрын, қандай сыйлық алу керектігін өздерінен сұрадым. Бұл менің осында алғаш келуім. Алдағы уақытта жиі келіп тұрамын. Биыл да дәстүр бойынша мейрам кезінде жағдайы төмен отбасылардың басын кең дастархан басына жинау ойда бар», - деді Алматы қалалық мәслихат депутаты Вячеслав БАНЩИКОВ.