Алматылық оқытушылар мен студенттер елордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы 26-шы сессиясының қорытындысын талқылады. Сондай-ақ жастар Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру үшін аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.
«5 әлеуметтік реформаны қолға алып жатырмыз. Соның бірі - бізде студент жастарға жатақхана салу мәселесі. Бұл әлеуметтік мәселеге кіреді. Жатақхана мәселесі бізде тапшы. Осы мәселені бүгінгі таңда көтеру, жастардың ойын білу, бізде басшылықтың партиялық деңгейде қалай қолдайды соны білу», - деді Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіндегі «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан СЕРЖАНОВ.