Алматының біраз көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының біраз көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Жөндеу жұмыстары екі аптадан бір ай аралығын құрамақ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жандосов көшесіндегі Үлкен Алматы өзенінен өтетін көпірдің оң жақ бөлігі, Байтұрсынов көшесі Гогольден Мақатаевқа дейін, Қармысов көшесі Құрманғазыдан Бекхожинге дейін, сонымен қатар Асқаров көшесі Сайыннан Арыққа дейін, Мақатаев көшесі Абылай ханнан Назарбаев даңғылына дейін жасалады. Сондай-ақ Төле би көшесінің солтүстік бөлігі - Брусиловскийден Тілендиевке дейін, Шагабутдинов көшесі -  Құрманғазыдан Абайға дейін жөнделмек. Бұдан бөлек Назарбаев даңғылының Райымбектен төмен солтүстік бөлігі, Жансүгіров көшесімен қиылысатын жолайрық және Жароков көшесі Тимирязевтен Өтеповке дейін, ал Левитан көшесі Гагариннен Радостовцаға дейін жасалмақ.

Новости партнеров