Ауру астан. Қарағандыда бір үйден тамақтанған 20 адам уланып, ауруханаға түсті. Оның үшеуі бала. Тіпті, жан сақтау бөлімінен бірақ шыққандар бар. Ауызашарға келген ағайын еттен улануы мүмкін деп отыр үй иелері. Дегенмен дәрігерлер қауіптің қазір артта қалғанын айтты.
«Үш адам дереу жансақтау бөліміне түсті. Оларға интенсивті терапия қажет болды. Қазір денсаулықтарына қауіпті ешнәрсе төніп тұрған жоқ. Қалыпты деуге болады»,-деді инфекционист-дәргер Ботагөз ЖАНТАҚБАЕВА.
Жаппай уланудың себебін анықтау үшін тазалық індет мамандары дастарханда болған барлық тағамдардың құрамын сараптамалық тексерістен өткізуде. Үй иелері айтқандай, инфекция еттен екені расталса, базарларды толықтай тексеруге тура келмек. Ал тұрғындарға әзірге сапалы өнімді дұрыс сақталған жерден сатып алуға кеңес беруден басқа қолдан келер шарамыз жоқ,- дейді.