Алматының жас өнерпаздары науқас балаларға көмек көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының жас өнерпаздары науқас балаларға көмек көрсетті. Қаладағы «Балдәурен» балабақшасы қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Шарадан жиналған қаржы «Ақсай» республикалық клиникалық балалар ауруханасында емделіп жатқан жеткіншектердің еміне жұмсалады. Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен «Жүректен жүрекке» кешіне аудандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері де шақырылған.
«Қайырымдылық концерттен жиналған қаржыны «Ақсай» ауруханасында бүйрек ауыстыруға кезекте тұрған 6 баланың еміне жұмсалады. Бұл шараны алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Басты мақсат - балалардың бойына мейірбандылық, рақымшылық және қайырымдылық сезімін қалыптастыру», - деді ұйымдастырушы Әсем ҚАРШЫҒАБЕКОВА.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
16.10.2026 08:26
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35