Алматының екі саябағына «Президент Назарбаев» қызғалдақтары отырғызылды

Алматының екі саябағына «Президент Назарбаев» қызғалдақтары отырғызылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық демалыс саябағында ерекше тұсаукесер өтті. Дәстүрлі гүл фестивалінде қызғалдақтың «Президент Назарбаев» атты сұрпы таныстырылды. Бұл гүлді голландиялық селекционер ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту етіп, 2016 жылы өсірген.

«Әлемде қызғалдақтың 110-ға жуық түрі бар. Елімізде 39 түрі өседі. Соның ішінде 12 түрі эндемикалық болып табылады. Ал 18 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Ал мынау жаңа сұрыптамасы өте әдемі», - деді Алматы жас натуралистер станциясының директоры Зейнеп АРИШЕВА.

Биологтардың сөзінше, «Президент Назарбаев» қыздалдағының бойы биік, суыққа төзімді, сабағы мығым. Көпшілікті гүлдің хош иісі де тәнті етті. Алматыда екі саябақта 20 мың қызғалдақ баданасы отырғызылды. Ол екі апта аралығында демалыс орнына келушілерді қуантпақ.

«Қазір екі саябаққа гүлдерді көбірек отырғызып, 100 мыңға дейін жеткізуіміз керек. Содан кейін ғана бұл сұрыпты сатылымға шығарамыз. Өкінішке қарай, бадананың 30 пайызы ғана көбеюге қабілетті. Келесі жылы тағы да сатып алып, гүлдер санын көбейтеміз», - деді «Алматы Грин Лэнд» ЖШС директоры Гүлзада ҚАЛДЫБАЕВА.


Новости партнеров