Алматының "Көкжиек" ықшам ауданында өрт болды

31.07.2017 16:39

"Көкжиектегі" үйлердің бірінде өрт болды. Қызыл жалын 4-ші қабаттағы 1 бөлмелі үйден шығып, 20 шаршы метрін шарпыған. Түске таяу тұтанған тілсіз жау 2 сағатта ауыздықталыпты. Төтеншеліктердің айтуынша, санаулы секундтың ішінде 4-ші қабаттағы 6 пәтердің сым тетіктері күйіп кетіп, 5-ші қабаттан бірақ шыққан. Анығын айтқанда, өрттің шығу себебі - сым тетіктерінің тұйықталуынан болған екен.

«Бір сым тетігі арқылы барлық техникалық заттар қосылып тұратын. Қуат көзі шыдамайтын еді. Содан кейін, өзіміз электр маманын бір ай бұрын шақыртып, ол қосымша автомот орнатып кетті. Енді міне тағы да сым тетіктері тұйықталды. Барлығына кінәлі-пәтер иелері кооперативі. Олар бізге ескерту керек еді»,- деді Қала тұрғыны, Алтынай ДОСАЕВА.

Алғашқы көмекті көрсетуге ақ халаттылар 4 бірдей жедел жәрдем көлігімен жеткен.  Алты адамға медициналық жәрдем көрсетіліпті. Оның төртеуі -  кішкентай бала.

«4 бала қалалық шұғыл медициналық көмек беретін ауруханаға жеткізілді.  Қабылдау бөлімінде тексерілгеннен кейін, 1 жастағы, 3 жастағы, 13 жастағы балалар орта дәрежелі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен таксикология бөліміне жақызылып ем қабылдап жатыр. 11 айлық балада көмірқышқыл газымен улану диагнозы жоққа шыарылып, тұрғылықты жеріндегі емханағадағы дәрігерлердің бақылауына жіберілді»,- деді Денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы, Лейла ИМАНҒАЛИЕВА.