Алматының ондаған ауласы мен сауда орындары су астында қалды

Алматының ондаған ауласы мен сауда орындары су астында қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Толассыз жауған жаңбырдың кесірінен Алматының ондаған ауласы мен сауда орындары су астында қалды. Ауласын су басқан отызға жуық тұрғын - төтенше жағдайлар департаментінен көмек сұраған.  Үйлерінің ауласы су астында қалған Қалқаман шағын ауданының тұрғындары құтқарушылардың қызметіне жүгінген. Сондай-ақ,  кеше Алатау ауданындағы "Жібек жолы" базарына да қауіп төнді. Базар аумағындағы мың  шаршы метр аумақ мұзды судың астында қалған. Салдарынан базардағы екі мыңға жуық сатушы мезгілінде жұмыстарын жасай алмады.  Су деңгейінің көтерілуінен Ақсай өзені арнасынан асқан. Көлшікке айналған аумақты тазалауға 170 арнайы техника мен 60 шақты адам жұмылдырылыпты. Сонымен қатар, таулы аймақтардағы су қоймалары мен қауіпті деген жерлер тұрақты бақылауға алынған. 


 «Қазіргі сәтте жиырмадан астам аулалар тазартылуда. Жұмыс жалғасып жатыр. 4 желтоқсанда дабыл келіп түскен. Таулы аймақтарда судың көтерілу деңгейі ықтимал және қар көшкіні болу деген. Қала қонақтарына тауға шықпауына кеңес береміз»,- деді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі, Сандуғаш Баймұхамбетова.






Новости партнеров