Алматының саяжайларынан табылған 11 жастағы егіздер алғаш рет мектеп партасына отырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының саяжайларынан табылған 11 жастағы егіздер алғаш рет мектеп партасына отырды. Назар мен Ульяна қазір қаладағы №6-ші даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернатында сауат ашып жатыр. Мұнда олар тәжірибелі мамандардан білім алып, қажетті құжаттарын ретке келтіріліпті. Кеңсайдағы саяжайлардың бірінде оңашада өскен егіздер әлі де адаммен тез тіл табысып кете алмайды.

¤«Балалардың деңгейі өте төмен нашар деп айтса да болады. Өйткені балалар осы күнге дейін қазан айының 24-не 12 жасқа толады. Әріп, жазу, қалам ұстау білмейді. Балалрмен бірге коррекциялық жұмыстар, логопедпен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Балалардың ары қарай дамуға ынтасы бар. Балалар жақсы, бірақ балаларға қарамай кеткен», - деді Даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған №6 арнайы мектеп интернатының басшысы Аида БАРАШЕВА.¤¤

Егіздер керекті медициналық сараптамалардан өткен. Дәрігерлер оларға жеңіл түрдегі ақыл-есі төмен деген диагноз қойыпты. Балалардың бұл уақытқа дейін білім алмауын анасы жағдайының жетпегенімен түсіндірді. Отбасы талай рет баспана ауыстырып, бұған дейін әр жерде күнелтуге тура келген. Тіпті бір кездері үйлері өртеніп, салдарынан Назардың көзіне зақым келіпті. Балалардың тағдырына алаңдаған Зағипа Балиева  арнайы келіп егіздердің жағдайымен танысты.

¤«Мамалары әлеуметтік қиын жағдайға түскен кезде олар барып қаланың арғы шетінде тастанды үйде өмір сүрді. Мамасының бір жақсы жері балаларды тастамай, бас тартпай оларға бар жағдайын жасады. Бірақ мектепке бермей, енді ол әйелге де әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жұмысқа тұрғызамыз», - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа БАЛИЕВА.



Новости партнеров