Қайта жөндеуден өткеннен кейін «Алтын Орда» базары маңындағы жаңа жол қандай болмақ? Аталмыш учаскеде қазірдің өзінде жол айрығының құрылысы бойынша дайындық жұмыстары басталып кетті. Мұндағы жолдардағы жылу құбырлары басқа аймаққа ауыстырылып, айналма жол мен Эстакаданы салу қолға алынды. Жөндеу жұмыстарына 60 адам және 22 техника жұмылдырылыпты. Есте болса, Алматы - Бішкек тас жолының 16-шы шақырымынан 19-шы шақырымына дейінгі жолды кеңейту жұмыстары биылғы жылдың қарашасына белгіленген болатын. Ендеше, мұндағы басталып кеткен жұмыстар жайлы кеңінен ақпарат алу үшін біз студияға «Қазавтожол» ұлттық компаниясының Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаевты шақырған едік. Нұрхат Дотанұлы, қош келдіңіз!
1. Құрылыс жұмыстары кезінде кептеліс болдырмпау үшін қандай шаралар жасайсыздар?
- Біз құрылыс барысында ешқандай жол қозғалысыны жаппаймыз. Жол қозғалысы қазіргі таңдағы қозғалысқа сәйкес жүре береді. Біз тек қана Ақсай өзенінен өтетін көпір құрылысын салатын жағдайда ғана көпірдің екі тарапынан уақытша айналма жолын саламыз. Көпір салып, сол кезде ғана айналма жолды қолданамыз. Жалпы, басқа жағдайда тек қана қазір қалай көлік қозғалысы жүріп жатыр солай қалыптастырылады.
2. Құрылыс жұмыстары нақты қанша уақытта аяқталады деп жоспарланып отыр?
- Құрылыс жұмыстары жобалық есептеу бойынша келісім шарт бойынша 33 айға есептелінген. Мердігер компания «Дәулетдосстрой» ЖС-мен бірлесе отырып оны 24 айда аяқтауға жоспарлап отырмыз.
3. Тас жолдың аумағындағы жерлерді сатып алу мәселесі қалай шешілді?
Бұл жобаның 3Д графикасы. Өздеріңіз көріп отырғандай айналма қайта бұрылу жолы. Құрылысымызда он жолақты жол болады. Оның екеуісі қоғамдық көліктерге арналған. Төрт жолағы жергілікті көліктерге арналады және төрт жолағы транзиттік көліктерге арналады.
4. Ал, жолды кеңейту үшін жерді сатып алу мәселесі қалай шешілді?
- Жерді кеңейту барысында жолдың астына түсетін жер учаскілері мен құрылымдарды сатып алу бойынша 75 участок түсіп отыр. Оның 53-і Алматы облысына тиесілі және 22-сі Алматы қаласының аумағына тиесілі болып отыр. Қазіргі таңда, Алматы облысының және Алматы қаласының Жер қатынастары басқармалараның қатысуымен үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Есептеулер жүргізіліп жалпы сомасы 574 миллион теңгені құрайтын сомада ақша бөлініп, сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-деді «Қазавтожол» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары, Нұрхат АҚЫЛТАЕВ.
Жақсы, жағымды жаңалықтармен бөліскеніңізге рахмет! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз! Естеріңізге сала кетейін, студияға келіп бізді қызықтырған сұрақтарға жауап берген «Қазавтожол» құрылыс компаниясының Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаев болатын.