Америкада ірі өрт тіркелді

06.12.2016 17:25

Америкада ірі өрт тіркелді. Өткен жұмада Окленд қаласы қызыл жалынға оранып, 33 адамның өмірін жалмап кеткен. Құтқарушылар олардың мәйітін үйінді арасынан тауып алды. Кейбір мәлімет бойынша, өрт болған ғимарат үйсіздердің топтасатын жері болыпты. Тілсіз жау тұтанған кезде тастанды нысанда 100-ге жетеғабыл адам көңіл көтеріп жатқан екен. Төңіректегі тұрғындар даңғаза әуеннен мезі болып, полицейлерге шағымданған деседі. Бірақ ғимарат ішіндегі жастарға ешкім ескерту жасамаған. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Қазір мамандар қирандыларды аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондықтан мерт болғандардың саны өсуі ықтимал. Айта кетейік, бұл өрт Окленд тарихында болған ең ірі апат саналады.                                      

«Аламида округінің тергеу бюросының шерифі туыстары мен таныстары жоғалып немесе хабарсыз кеткен болса солардың жеке басына қажетті дүниелерін алып келуді сұрайды, мәселен тіс щеткасы. Оны таза қағаз қапқа салып қойыңыздар. Бірақ, Тергеу бюросына жібермеңіздер. Керек кезде айтамыз», - деді полиция капитаны Мелани ДИЦЕНБЕРГЕР.