Америкалық әншілер қазақстан туралы әндерді қызыға орындауда

Америкалық әншілер қазақстан туралы әндерді қызыға орындауда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Америкалық әншілер қазақстан туралы әндерді қызыға орындап жатыр. Нью-Йорк қаласында тұратын қазақ сазгерінің туындылары қазір поп-әншілердің сұранысына ие. 20 жылдан бері Америкада тұратын Берік Құлмамиров жергілікті халықты  қылқалам өнерімен де тәнті еткен. АҚШ-тың бас қаласында тұратын сазгер, ақын, суретшімен тілшіміз Әмірболат Құсайынұлы тілдесіп қайтты. 

Sne is a kazakh girl. Тегі афроамерикалық әнші Брейджеттің  «Ол қазақ қызы» атты әнді нәзік дауысымен орындап жүргеніне бірнеше айдың жүзі болған. Сөзі мен әні Берік Құлмамировтікі.Белгісіз бойжеткеннің болмыс-бітімі, сұлулығын әсем әуенмен жеткізген қазақ компазиторының шығармасы америкалықтардыңда көңілінен шыққан.  Ол бұған дейінде «Біз Абайдың шәкіртіміз», «Қазақ жері», «Керей және Жәнібек хан» сынды оншақты ән жазған. Түсінігі, орындау мәнері сынды ән өлкесіндегі ой өрісі бөлек америкалықтар астарлы мағына, сырлы сазды қазақ әндерін жылы  қабылдаған.  

«Менің репертурымда бірнеше қазақ әндері бар. Осы әндерді орындау арқылы Қазақстанның өте әдемі ел екенін біле бастадым. Менің бұған дейін Қазақстан туралы білетінім өте аз екен.  Қызыққан соң видеоларды ғаламтордан көріп, тіптен қызығушылығым артты. Бұрын европа елдерін аралаушы едім. Орта Азияға барған емеспін. Міндетті түрде Қазақстанға барам деген жоспарым бар»,- деді Музыкант, Ларри УИЛСОН.  

Соңғы бес жылда үш ән жинағын шығарып үлгерген сазгер жуырда туған елі туралы бейнебаян түсірмек. Нью-Йорк қаласында тұратын Берік Құлмамиров  америкалық суретшілер арасында қылқалам шеберлігіменде танылған. Алматының  көркем сурет училещесі мен Мәскеудің архитектура институтын бітірген ол тоқсаныншы жылдардың соңында АҚШ асып, Нью-Йоркке тұрақтаған. Бірақ өзге елде тұрсада өз елінің өнерін насихаттау оның өміріне арқау болып келеді.   

Қазақ ауылындағы ағылшын қызы деп аталатын картина. Бұл суретті Берік аға емес, оның әйелі Лейла ханым салған. Өмірінде небәрі екі ақ рет қазақ жеріне келіп-кеткен жеңгеміз, егер менің балалық шағым қазақстанда өтсе қалай болар еді деп бейнелеген. Құны кемінде  10 мың доллар тұратын картина қазір Нью-Йорктегі қазақтар ашқан "ағайындылар" атты жалғыз кафеде ілулі тұр.  

Суретші өз туындысын жергілікті бизнесмендер көп сұрап келеді дейді.  Натюрморд, пейзаж  компазициялық көрініске көбірек мән береді. Мәселен, мына суретте көп адамның кез келген табысқа өз еңбегімен емес, алтын балық іспетті ғайыптан арманының орындалуын күткенін бейнелесе, тағы бір  туындыда қасқыр мен қошқарды қатар қойған. Ондағысы бизнесте біріккен екі адамның бірі момын, екіншісі мінезді болмаса істің жүруі қиын дегенді білдірмек болыпты. Мұндай астарлы мағынада салынған картиналарға америкалықтардың қызығушылығы жоғары. 

«Елдер көп суретті әдемілігіне қарап алсада, кейбіреулері бұл суреттердің ішкі мағынасы неде жатқанын сұрайды, кейбірі өздерінің ішкі ойыменде шешуін таба алады. Сатып алған адамдар алдымен өзінің ішкі дүниесін іздейді. Егер ол ішкі дүниесін тауып, сатып алса сол арқылы суретшіні, қай ел екенін біліп, оның мәдениетімен жақын таныса бастайды. Іздеп жүрмін. Егер жақсы ән айтатын жастар болса осы жақтағы фестивальдерге келуіне көмек берем»,- деді Суретші, компазитор, Берік ҚҰЛМАМИРОВ. 

Қылқалам шебері ұзақ ойланып, толғаныспен салынатын туындысын батыстықтардың бағалай білетінін айтады. Жолы болған картинасы 25 мың долларға дейін бағаланып, сатылған.  Туған жерінен жырақ жүрген қылқалам шебері алдағы айда майлы бояу және акварельмен салынған  суреттердің топтамасын жинап, Нью-Йоркте  кезекті көрмесін өткізбек. Өзінің жеке студиясын ашып, америкалықтардан бірнеше топ құрып үлгерген сазгер талантты қазақ орындаушылары болса халықаралық фестивальдерге қатыстырып, батыстық орындаушылардың бәсекесіне қосуға дайынмын дейді.

Әмірболат Құсайынұлы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» арнасы үшін Нью-Йорктен



Новости партнеров