Американың ЖОО-ның көмегімен елімізде ауыл шаруашылық картасы жасалады

26.01.2018 02:02

"Аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау керек." Ауыл шаруашылығын дамыту - елбасы жолдауындағы міндеттердің бірі. Американың жоғары оқу орындарының көмегімен елімізде пилотсыз құрылғылар арқылы ауыл шаруашылық картасы жасалады. Ол арқылы жайылым аумағын бақылап қана қоймай, жаңа гис жүйелерді енгізіп, топыраққа геоботаникалық зерттеу жүргізуге мүмкіндік туады. Мемлекет басшысы кезекті жолдауында 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2 жарым есеге арттыруды тапсырды. Осы мақсатта жасалып жатқан жұмыстар легімен Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов мырза студиямен байланыста.

Тілектес Исабайұлы, қайырлы кеш! Алғашқы сауал. Елбасы жолдауында айтылғандай аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау мәселесі немен байланысты?

- Қайырлы кеш, Тоғжан! Бүгінгі кезде аграрлық университет ғылым арқылы, ғылымданған өндіріс арқылы, біз бағдарламамызды өзгертіп отырмыз. Бүгінгі күні оқу практикаларымызды 7 айға дейін созып отырмыз. Негізгі Ұлттық университет, аграрлық университет ғылымның негізгі интеграторы болу керек. Осы салада, жалпы университеттің алдына қойып отырған мақсаты - ертеңгі болашақтағы әлем талаптарына сай кадр мамандарын дайындау негізгі мақсатымыз.  

Еліміздің агросекторында ғалымдарымыз қандай инновациялық шешімдер пайдалануда? Елбасымен АҚШ-қа барған ресми делегацияның құрамында сіздің болғаныңызды білеміз. Қандай келісімдерге қол жеткізілді?

- Айта кетуіміз керек, 2013-ші жылы университетіміз Қазақстандағы ұлттық зерттеу университетіне тарнсформацияланды. Осы трансформацияның аясында Қазақстанның оқу орындарының ішінде Агротехнологиялық хаб ашып отырмыз. Америка құрама штатының ауыл шаруашылық ғылыми орталығымен, сонымен қатар, Мичиган университетімен, Корнель университеті, Колумбия университетімен бірге келісім-шартқа, меморандумға қол қойып келіп отырмыз. Бүгінгі агроөндіріс кешеніне сандық технологияны пайдалана отырып, гис жүйелерді енгізу, сонымен қатар, бүгінгі жайылым жерлерді, ауыл шаруашылық жерлерге, топырақты, геоботаникалық зерттеулерді және пилотсыз аппараттарды, жаңа информациялық технологияларды пайдалана отырып, жаңа карта жасау. Жаңа гис технологияларды, зерттеулер арқылы республикамыздың әр аймағындағы ауылшаруашылық талаптарына сай зерттеу жұмыстарын жүргізу.    

Тілектес Исабайұлы уақытыңызды бөліп, сұрақтарымызға жауап бергеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!