Елбасы Қазақстанда Ресей елшісі болған М.Бочарниковқа алғыс білдірді

25.01.2018 21:21

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей елшісімен кездесті. Жиында екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас кеңінен талқыланды. Президент Қазақстанда 11 жыл бойы Ресей елшісі болған Михаил Бочарниковқа алғыс білдіріп, қос елдің бірлігін нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Сіз Ресейдің Қазақстандағы елшісі ретінде 11 жыл қызмет атқардыңыз. Бұл жылдар ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас нығайды. Біз дипломатиялық байланыстарымыздың 25 жылдығын атап өттік. Өңіраралық ынтымақтастығымыз дамып, жоғары деңгейдегі сапарлар мен кездесулеріміз жиілей түсті. Біздің серіктестігіміз - мемлекетаралық қарым-қатынастың жарқын мысалы»,-деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Бочарников Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын осымен аяқтады. Жиын соңында қазақстан президенті ресей елшісіне "достық" орденін табыс етті.