Алматыда ыстық су мен жылу бағасы қымбаттамайды

Алматыда ыстық су мен жылу бағасы қымбаттамайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ыстық су мен жылуға қатысты тариф көтерілмейді. Есте болса, осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 сәуірден бастап бағалар өзгереді деген ақпарат айтылған еді. Монополияға қарсы комитет бұл қате ақпарат, сондықтан тұрғындарға дабыл қағудың қажеті жоқ, деді.  Айта кетейік, соңғы рет тариф 2018 жылдың 1 қаңтарында өзгеріп, 8,3 пайызға өскен болатын. Мамандар мұндай қымбатшылық құбырдағы апатты жағдайларды барынша азайту үшін жасалған деген.

«1 сәуірден бастап тарифтер жылу мен ыстық су тарифтері өзгереді деген ақпарат ол дұрыс емес. Біз былтыр сәуірде 2017-2021 жылдарға тарифтерді бекіттік. 1 қаңтарда тариф өзгерді. Ал 1 сәуірден бастап жылдың аяғына дейін тарифтер өзгермейді. Тек қана жазда көмір мен газдың бағасы өзгерсе, тарифтің бағасы өзгеруі мүмкін. Ал басқа шығындар бойынша жылу жүйесінің тарифтері өзгермейді», - деді  Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Бауыржан ҚАЙЫРБЕК.


Новости партнеров