«Мен аманат арқалаған адаммын». Осындай тақырыппен Алматыдағы Медеу ауданына қарасты № 17 мектеп-интернатында КСРО халық әртісі, нар тұлға Асанәлі Әшімов мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Сексеннің сеңгіріне шыққан актердің ұлағатты өмір жолы, ұлттық өнерге сіңірген еңбегі бүгінгі шәкірттеріне үлгі. Оқушылардың өнерді танып, болашақта мамандық таңдай білуіне, рухани дүниетанымын кеңейтуіне бұл шараның зор ықпал ететініні сөзсіз.
«Өнер халықтікі. Жалғыз өнер адамдарына керек емес өнер, өнер бәріне керек. Мына адамның өзі ұлттық характері болу керек. Ұлттық тілі болу керек. Содан айырылмау керек. Ол - үлкен мәдениет. Өзіңдікі әр уақытта жоғары. Өзінің тілін жақсы білген адам үлкен мәдениетті адам. Өзінің әдет-ғұрпын, той-томалақ, әртүрлі ритуал - осының бәрі мәдениет», - деді КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі ӘШІМОВ.