Астана қаласының жол сақшыларына жаңа тұлпарлардың кілті табыс етілді

Астана қаласының жол сақшыларына жаңа тұлпарлардың кілті табыс етілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана қаласының жол сақшыларына жаңа тұлпарлардың кілті табыс етілді. Жас қала аумағы үлкейген сайын, қауіпсіздік шаралары қолға алынып, бақылау күшейе түскен. Өткен жылы 30-дан астам көлік берілсе, биыл екі есеге артыпты. Полиция қолданысына берілген көліктер қажет құралдармен жабдықталған.

Дастан Шөкенов күнделікті таңғы 6 дан бастап, кезек бойынша қызметіне кіріседі. Негізгі міндет-елдің тыныштығы мен қаланың қауіпсіз болуы. Астаналық полицейлер үшін бүгінгі жұмыс күні ерекше тартумен басталды. Сап түзеге 100-ге сақшыға су жаңа теміртұлпардың кілшті табысталды.

Оның қатарында Дастан да бар. Ол, осы уақытқа дейін жұмыс барысымен бірнеше көлік ауыстырған. Бірақ, бұл темір тұлпар өзгелерден ерек,- дейді. Себебі, отандық өнімдегі көлікті тізгіндеуі алғаш рет екен. 

«Бұл көлік пежо 301 автокөлігі 2017 жылы шығарылған. Өзіміздің мемлекетте құрастырылып шығарылған автокөлік. Ішінде видеоригстратор бар, ол алдыңғы абзорды түсіріп отырады. 1автокөліктің ішінде 3 видеорегистратор орнатылған . Және рация бар»,- деді ІІД жол-патрульдік полициясының қызметкері, Дастан ШӨКЕНОВ.

Өткен жылы жергілікті қазынадан бөлінген қаржыға Ішкі істер департаментінің автопаркіне 30-ға жуық көлік сатып алыныпты. Ал, биыл алынғаны былтырғыдан екі есе көп. «Экспо-2017» көрмесі өту кезінде қаланың тыныштығын бақылау жеңілдей түспек дейді-полицей. Өйткені, қалаға шет елден де, өзге өңірден де келген қонақ көп.  

«Қазіргі ЭКСПО көрмесі өтіп жатыр. Туристтер өте көп. Кейбір туристтер жол сұрап жатады.Олар адасып кетпеуі үшін бағдар көрсетіп олардың баратын жерлеріне көрсетіп жіберуге. Құқық бұзушылар көп болады бірақ кейбір жүргізушілер жол қозғалысын әдейілеп бұзады, кейбіреуі білмей бұзады. Оның бәріне xаттама жаза бермей кейбір кезде ескерту жасап келесі жолы қайталамауын сұраймыз,- деді ІІД жол-патрульдік полициясының қызметкері, Дастан ШӨКЕНОВ.

Қолдан қызыл таяқ түскелі бері, жол полиция қызметкерлерінің негізгі жұмысы патрулдік жасау. Яғни, уақыттың да, қызметтің де көбі жолда өтеді.

Сондықтан, көлік санының артуы, сапалы еңбек етіп, қылмысты алдын алуға молынан мүмкіндік беретін көрінеді. 

«Бұл қызметтік көліктер жол-патрульдік полиция, учаскелік және кинолог  мамандарының қолданысына беріліп отыр. Барлығы отандық кәсіпорыннан шыққан жаңа көліктер. Қызметкерлер өз тарапынан кез-келген азаматқа қол ұшын созуға дайын»,- деді ІІД жол-патрульдік полициясы командирінің орынбасары, Кенжебек ДҮЙСЕБЕКОВ.

Айта кетейік, көрмені аталмыш дейгейде өткізу мақсатымен қала бойынша 5000 астам полиция қызметкері үздіксіз жұмыс жасап жатыр. Бүгінгі таңда, Елордалық тәртіп сақшыларының материалдық-техникалық дайындығы заманауи талапқа сай жаңартылған. Қоғамдық орындардағы жағдайды бақылауда ұстау үшін, өткен жылы квадракоптер қолданысқа беріліпті.  

Назым Мәлікқызы, Олжасбек Мәденов, «Алматы» телеарнасы Астанадан


Новости партнеров