Астана көшелеріне электр қуатын үнемдейтін шамдар орнатылады

25.07.2018 16:46

Елорда көшелеріне тоқ үнемдейтін лэд шамдар орнатылмақ. Әсіресе «Байқоңыр» ауданының көшелеріне көптеп қойылмақ.

Қазірше Кравцов көшесіне 69 жарық диодты шамдары орнатылған. Келесі кезекте Бараев және Таха Хусейн көшесінің сәні кірмек. Бұл Астананың 20 жылдығына Малайзия елінің тартуы екен. 

«Біздің шамдар сағатына 180 киловатт айналдырса, ал мына шамдар сағатына 70 киловатт айналдырады. Ал жарық беру көрсеткіші 30 пайызға жоғары», – деді Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан ҚАНАЛИМОВ.