Астана полицейлері интернет арқылы қитұрқы әрекетке барған күдіктіні қолға түсірді

Астана полицейлері интернет арқылы қитұрқы әрекетке барған күдіктіні қолға түсірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алаяқтың» арбауы алысқа апармады. Астана полицейлері интернет арқылы қитұрқы әрекетке барған күдіктіні қолға түсірді. Елордадағы «Алматы» ауданындағы ішкі істер басқармасына бірден бір жұмыс мекемесінен  25 қызметкер арыз-шағым түсірген. Олардың айтуынша, осы жылдың мамыр айынан бастап күні бүгінге дейін белгісіз біреу ғаламтор арқылы олардың атынан несие рәсімдеп келген. Анық болғандай, құзырлы орган қызметкерлері 21 жастағы азаматты ұстаған. Күдікті  зардап шеккендермен бірге қызметтес болыпты. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шегушілерден жымқырылған қаражат 10 мыңнан - 50 мың теңгеге дейінгі аралықта.

«Криминалдық полиция қызметкерлер жедел іздестіру шараларының барысында 21 жасар қала тұрғынын құрықтады. Белгілі болғандай ол осы мекемеде жәбірленуші жұмыс істейтін мекмеде ақпарттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметкер екені анықталды. Барлық жеке мәліметтер өз қолында болған. Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 191 алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау иззоляторына қамалды»,- деді ІІД ресми өкілі, Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА.

 

Новости партнеров