Астана - сириялық келіссөз өткізуге қызу дайындалып жатыр. Еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ресейлік әріптесімен кездесуінде осылай мәлімдеді. Қазір елордада логистика мәселесі мен делегация қауіпсіздігі шешілуде. Одан бөлек, келіссөзге келетіндердің тізімі жасақталып жатыр. Еске салайық, Сириядағы ахуал 23-ші қаңтарда Астанада талқыланады. Ауқымды жиынға билікшілер мен оппозиция өкілдері, сондай-ақ Ресей, Түркия мен Иран тарапы да қатыспақ. Әзірге, АҚШ үн қатқан жоқ.
«Алғашында, Сириядағы үкімет жақтастары мен оппозиция арасындағы дүрбелеңді тоқтату үшін қай орында келіссөз жүргізген дұрыс деген сауал болды. Сол кезде сұрау салынғандардың дені - Орталық Азиядағы қазақстанды құп көрді. Меніңше, Астана - ымыраға қол жеткізуге болатын жайлы орын. Тіресіп жатқан оппозиция да, үкімет жақтастары да Қазақстанға келуден бас тартпас деген ойдамын»,- деді РФ сыртқы істер министрі, Сергей ЛАВРОВ.
¤