Астанада әскери қызметшілер қоныс тойын тойлауда

03.11.2017 22:10

Астанада әскери қызметшілер қоныс тойын тойлауда. Оларға 40-шы станцияның әскери қалашығынан 2 бес қабатты үйдің пәтер кілттері табысталды. Еліміздің қарулы күштерінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында әскери қызметкерлерді сапалы тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету - Қорғаныс министрлігі қызметі бағыттарының бірі. Баспана алғандарды ведомство басшылығы салтанатты түрде құттықтады.