Тәртіп сақшыларына бағынбаған қытай азаматы ұсталды

03.11.2017 22:08

Тәртіп сақшыларына бағынбағаны үшін қытай азаматы ұсталды. Ұсталғанымен қоймай, оған әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін. Алматы облысының ішкі істер департаменті әлеуметтік желіде тараған бейнероликке қатысты пікір білдірді. Анық болғандай оқиға 31-ші қазан күні Панфилов ауданына қарасты "қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аймағында орын алған. Әуесқой түсірілімдегі ер адам - қытайлық азамат.