Астананың әкімі жедел жәрдемді жеделдетуге уәде берді. Енді науқасқа бригада жеті минутта жетуі тиіс. Кеселі кесір туғызған қала тұрғындары осыған дейін 03 алғашқы көмегін 40-50 минут күтулеріне тура келетін. Бұған себеп қалада арнайы машиналардың аздығы еді. Енді жаңа Жедел жәрдем орталығы су жаңа арнайы техникамен жасақталған, GPS навигатор орнатылған 20 көлікпен толықты. Сөйтіп Астана көшелерінде 85 көлік қызмет көрсетеді. Күніне астаналық орталыққа 2 мыңға жуық қоңырау келіп түседі. Небәрі 18 оператор барлық қоңырауларды тіркеп, бригаданы жөнелтіп отыруда. Айта кетейік, келер жылдан бастап 103 байланыс орталығы әмбебап желі болмақ. Яғни, әр адам осы нөмірді теріп, қажетті дәрігеріне жазыла алады. Өзіне ыңғайлы уақытты да таңдайды.
«Нысанның құрылысы 2015 жылы басталды. Медициналық қызметкерлердің жалпы саны 1561 адам. Колл орталықты 103 диспетчерлік қызметімен біріктіру арқылы бірыңғай шұғыл әрекет ету қызметі құрылған. Жедел дәрдем көліктерінің спутниктік мониторингі жолға қойылған»,- деді Астана қаласының әкімі, Әсет ИСЕКЕШОВ.